Әлем

Освенцимді кім азат етті – АҚШ үндемеді

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуЦентральные ворота бывшего концентрационного лагеря Аушвиц-Биркенау в Освенциме
Центральные ворота бывшего концентрационного лагеря Аушвиц-Биркенау в Освенциме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америка Құрама Штаттары Освенцим құрбандары мен азат етушілерінің "құнын" түсіріп жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қызыл әскердің Освенцимді азат етуінің 75-жылдығына арналған шарада америкалық мейман – АҚШ вице-президенті Майк Пенстің сөйлеген сөзі қоғамдық резонанс тудырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл жерде мәселе Пенстің бірдеңе айтуында емес, жоқ, ол айтпаған нәрсесі үшін резонансқа тап болды.

Дәлірек айтсақ, АҚШ вице-президенті концлагерь тұтқындарының босатылуына арналған сөзінде сол жерде болмаған америкалық сарбаздарды атап, лагерьді жүздеген адам өмірін құрбан ете отырып, азат еткен кеңес жауынгерлерін атамай кетті.

…Бұл жерде нені атап өткен жөн. Былайша айтқанда, бұл әдіс әрине XX ғасыр тарихының жаңа тұжырымдамасы аясында іске асып жатыр. Аталған тұжырымдама бірнеше он жылдық бұрын құрылып, белсенді түрде енгізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Қытай Путиннің ұсынысын қолдады

Тұжырымдамаға сәйкес, XX ғасырда қайғылы, бірақ ұлы тарихы бар Кеңес одағы мемлекеті болмаған. Олар жасаған ерлік те болмаған. Бірінші дүниежүзілік соғыстан аман қалып, интервенттер тобы мен жаңа шығысеуропа шағын империяларының шабуылына шыдаған ел де болмаған. КСРО қираған жерінен қалпына келіп, жылдар бойы гитлерлік Германияға қарсы одақтастарды табуға тырысты, бірақ таппады.

Ұлтшылдар шабуылына дес бермей, жеңіске жетті. Осыған қарамастан Освенцимді азат етіп, Берлинді жаулап алды. Бұған қоса, одан кейін тарихта алғашқы боп ғарышты бағындырды. Тұжырымдама бойынша, осы мемлекет болмаған екен.

Тағы оқыңыз: Ливиядағы жағдай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде талқылануы тиіс – Путин

Басқа ел болды, ол – Ресей империясынан шыққан, бейбіт Польшаны бөлу үшін Гитлермен одақтасқан, бірнеше он жылдық бойы тоталитарлық рейхті басынан кешірген, шығысеуропалықтарды тәуелді еткен, бірақ еркін әлеммен тарихи қарама-қарсылықтан жеңіліс тапқан, Айға адамды жіберген тоталитарлық Кеңес одағы.

КСРО құлады, бірақ оның басты жарықшағы қайта өзгерді, ол қазіргі Путиндік Ресейге айналды. Ол жамандық жасап, сайлауға араласуды жалғастырып келеді.

Біз көріп тұрғандай, бұл тұжырымдама қандай да бір қарама-қайшылықтардан ада, ол жап-жақсы деуге болады.

Оның тек бір проблемасы бар: XX және XXI ғасырлардың тарихында осы Мордор жасаған ұлы ерліктер мен жағымды істер жазылған.

Және, тұжырымдаманы бұзбаудың жалғыз әдісі – олар туралы айтпау, үндемеу.

Тағы оқыңыз: Иерусалимде тарихи ескерткіш ашылды 

Әдетте, бәрі жақсы шығушы еді – еркін әлемнің шынайы өмірден пульті бар екені белгілі. Оның көмегімен артқы уақытпен жылдар бойына миллиондаған шаршы шақырымның үстіндегі жарықты сөндіріп, оның үстіне "бұнда ештеңе болған жоқ" деп жазуға болады.

Бірақ мәселе нағыз тарихқа келгенде, шынайы өмірден пульт дұрыс істемей қалады.

Енді міне, АҚШ вице-президенті Освенцимнің азат етілуін еске алу күнінде тұрып, "Освенцимді Қызыл әскер азат етті" деп айта алмайды. Оны айтуға болмайды, айтудың да керегі жоқ. Освенцим өз-өзімен азат етілді: себебі азат ету деген қайырлы іс, ал орыстардың жақсылық жасауы мүмкін емес.

Сондықтан ата-бабасы нағыз соғысты көргендер арасында көңілді, бөтен адам тұрып, тұжырымдамаға сай болмағандықтан азат етушілердің есімін атамаса, барлығына қандай "арзан" адамның келгені анық. Пенс.

Жаңалықтар
0