Әлем

АҚШ-тың әскери базасына зымыранмен жасалған соққыдан 80 адам қаза болды - БАҚ

Жазылу
Иран АҚШ-тың Ирактағы "Айн-әл-Асад" әскери базасына зымыранмен соққы жасады, он үш зымыран нысанаға тиген. Бұған дейін зардап шеккен америкалық әскерилер туралы ақпарат болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Иранның бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ-тың әскери базасына зымыранмен жасалған соққыдан 80 адам қаза болғанын хабарлады. 

РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ирандық Press TV телеарнасы Ирактағы АҚШ-тың әскери базаларына жасалған соққыдан 80 адам қаза тапты деген мәлімет таратқан. 

"Ирактағы америкалық базаларға жасалған зымыран соққысынан сексен адам қаза тапты", - деп жазылған телеарнаның Twitter парақшасында.  

Бұған дейін америкалық тарап АҚШ әскерилері зардап шекпегенін хабарлаған еді.

Айта кетейік, Иран Америка әскерилері орналасқан Ирактағы "Айн-әл-Асад" әскери базасына зымыранмен соққы жасады. CNN мәліметінше, базадағы ақпарат көздері кем дегенде 13 зымыранның дәл тигенін растаған, жалпы Иран аумағынан кем дегенде 30 зымыран ұшырылғаны туралы хабарланды. 

Иран тарапы бұған дейін генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек қайтаратынын мәлімдеген еді. 

Тағы оқыңыз: Иранда 180 жолаушы мінген ұшақ құлады

Иран сыртқы істер министрлігінің басшысы Мұхаммад Джавад Зариф зымыран соққысын өзін-өзі қорғау шарасы деп атады.

Ал Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп сәрсенбі таңертең Иранға қатысты мәлімдеме жасайтынын хабарлады.

Жаңалықтар
0