Әлем

НАТО: ұйымның болашағы бар ма?

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуБатальон НАТО, архивное фото
Батальон НАТО, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Атлант шарты ұйымының бүгіні мен ертеңі қандай? Әсіресе, қазір бұл сұраққа жауап іздейтіндер көп

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макронның Солтүстік Атлант шарты ұйымының (НАТО) "миы өлді" деген мәлімдемесі еуропалық саяси қауымдастықтың наразылығын тудырып, ресми Берлиннің ашуын келтірді, деп хабарлайды РИА Новости.

Дегенмен басты зардап – енді батыс сарапшылары Солтүстік Атлант шарты ұйымының Лондондағы саммитін қандай да бір медициналық консилиум ретінде қабылдайды. Оның аясында "НАТО есімді халі нашар пациенттің" тағдыры қаралады. Әлі ешкім "эвтаназия" деген негізгі сөзді айтпады.

Бірақ "Макрон дұрыс баға бермеді" деп дәлелдеуге тырысатындардың ашуына қарағанда, "Солтүстік Атлант альянсы жұмысын мүлдем тоқтатқаннан кейін не болады?" деген сұрақ Парижде ғана емес, бүкіл Еуропа ақпарат алаңында қойылатындай.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Берлин Макронның сөзіне нарызы болды.

"Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас жексенбі күні НАТО беделін сақтап қалды. Және де бұл Франция президенті Эммануэль Макронның әскери альянсқа қатысты сыни ескертпелеріне Берлиннің бүгінгі күнгі ең батыл реакциясы".

Қазір Солтүстік Атлант шарты ұйымының Лондондағы саммитін ақпараттық сүйемелдеумен айналысатын британдық баспасөз отқа май құйып отыр. Express таблоиды НАТО-ның жоспарлау мәселелері жөніндегі бұрынғы директоры Фабрис Потьенің пікірін келтіруде.

"Макрон "Францияның ядролық қаруы Еуропаның қалған бөлігін қорғай алатыны жайлы ойланып көрем" десе, жағдай басқаша болар еді. Бірақ әрине, ол бұлай істемеді. Францияның өз ядролық қаруын қалай және қайда пайдаланылатыны жөнінде ұстанымы бар. Онда сіз ойынға қандай да бір баламалар енгізбестен НАТО-ны қалай сынай аласыз?".

Франция президенті НАТО мен Дональд Трампты ең осал жерінен тепті. Ол Солтүстік Атлант альянсының "миы өлді" деген мәлімдемесінен кейін ұйым шартының 5-бабында қарастырылған міндеттемелерді АҚШ-тың орындауға дайын екеніне жұрт алдында күмән келтірді.

Егер Макрон ұстанымын француз тілінен аударсақ, оның мәні – қандай да бір жағдай болғанда Вашингтон өз одақтастарын "лақтыра салады" деген күдікке әкеледі. Күдіктің негізі бар.

Солтүстік Атлант альянсының Лондондағы саммиті батыс елдерінің әскери өзара әрекеттестігінің болашағына деген бір-бірімен үйлеспейтін үш көзқарастың қақтығыс алаңына айналады.

АҚШ өкілдері Еуроодақ елдерінен әскери шығындарға, яғни НАТО-ны ұстап тұруға және америкалық қару-жарақ сатып алуға жалпы ішкі өнімнің төрт пайызын (шамамен 752 миллиард доллар) төлей бастасын деп талап етеді.

Тағы оқыңыз: Жаңа халықаралық ұйым құру қажет – Елбасы

Франция өкілдері НАТО-ға ұрсып, еуропалық әскер (мүмкін АҚШ пен Ұлыбританиясыз) құру идеясын ұсынады. Бұл Еуроодақтың Макронның стратегиялық жоспарын жүзеге асыруы үшін қажет. Ал Макронның пікірінше, Еуроодақ өзін жеке геосаяси күш ретінде танып, өз тағдырын өзі бақылауы тиіс.

НАТО іштей өліп жатыр, және де бұл күрдтердің оқиғасынан немесе проблема туындата беретін Түркиядан болып отырған жоқ. Ұйымның негізгі мүшелерінің альянсты өз мүдделері үшін пайдалануға тырысып, жан-жаққа бөліп жатқаннан осындай жағдай орын алуда.

Желтоқсан айының басында әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының назарында өтетін "Лондондағы тарихи саммит" шын мәнісінде екі шешімнің біреуін ғана қабылдай алады.

Альянс қатысушылары баршаның алдында ұрсысып қалады немесе "ұйымды құтқарып қалуға болады" деген кейіп танытуды жалғастырады. Олар осылайша кейін НАТО-ның өліміне басқа біреуді кінәлауға болады деп үміттенеді.

Бұның бәрі – Ресей үшін жақсы жаңалықтар. Егер батыстың "ресейлік қауіп-қатермен күресу керек" деген кезекті ынтасы НАТО-ның шоғырлануына әкелмесе, онда Солтүстік Атлант блогына басқа ештеңе көмектеспейді деген сөз.

Жаңалықтар
0