Әлем

Адамға ұқсас балық жұрттың зәресін ұшырды - видео

CC0 / Free-Photos / Волны, архивное фото
Волны, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түрі адамға ұқсайтын алып балық әлеуметтік желі пайдаланушыларын шошытты. Жұрт әлеуметтік желілерде видеомен жарыса бөлісіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша ‐ Sputnik. Әлеуметтік желі қолданушылары түрі адамға ұқсайтын балық бейнеленген роликті талқылап жатыр.

Видео @Unexplained twitter аккаунтында жарияланыпты.

Жазба авторының айтуынша, видеоға түсіп қалған - түрі адамның келбетіне ұқсас тұқыбалық.

Бұл кадрлардан балықтың көл жағасына таяп, аузымен түрлі іс-қимыл жасағанын көруге болады. Әлеуметтік желі пайдаланушыларының көбі, бұл бейнежазбадан үрейленгенін жасырмады.

Тағы оқыңыз: Маңғыстауға барған америкалық туристердің "төбе шашы тік тұрды" – видео

Мысалы, "шайтан балық", - деп пікір жазды Тее есімді желі қолданушысы. Осындай мағынадағы пікірлер көп жарияланды.

Жаңалықтар
0