Әлем

Аты аңызға айналған әнші қайтыс болды

© Photo : Рixabay/SimonephМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әртіске осыдан екі жарым жыл бұрын ұйқы безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Ол медициналық орталықтардың бірінде ем қабылдаған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек — Sputnik. Мексикалық әнші, музыкант әрі актер "Ән ханзадасы" атанған Хосе Хосе 71 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Variety.

Ұйқы безінің қатерлі ісігіне шалдыққан музыкант сенбі, 28 қыркүйек күні Майамидегі медициналық орталықтардың бірінде қайтыс болған. Диагноз 2017 жылдың наурыз айында қойылған еді.

Хосе Хосе 1948 жылдың 17 ақпанында Мексиканың Аскапоцалько қаласында туған. 1970 жылдардың басында Латын Америкадағы ең танымал романтикалық баллада орындаушылардың бірі болды. II Festival de la Canción Latina фестивалінде үшінші орынды иеленді.

Әртіс Amor Amor альбомының арқасында танылды. 1983 жылы шыққан Secretos альбомының алғашқы аптаның өзінде екі миллионнан артық данасы сатылды.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың құдасы қайтыс болды

Хосе Хосе түрлі премиялар мен марапатқа ие болған. Голливуд пен Лас-Вегастағы жұлдыздар аллеясында есімі бар.

Жаңалықтар
0