Әлем

Шатастырып алған: дәрігерлер басқа әйелге аборт жасады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуМедицинские инструменты, архивное фото
Медицинские инструменты, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауруханада жүкті әйелдердің медициналық карталары ауысып кеткен, ал дәрігерлер пациенттің аты-жөнін нақтылап сұрамаған

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек — Sputnik. Сеул дәрігерлері ауруханаға тексерілуге келген әйелге аборт жасап тастады, деп хабарлайды CNN телеарнасы.

Басылымның хабарлауынша, клиникада жүкті әйелдердің медициналық карталары ауысып кеткен. Дәрігер мен медбике әйелдің аты-жөнін нақтыламай, оған наркоз салады.

Ал жүктіліктің алтыншы аптасында болған келіншек бар болғаны жоспарлы тексеруге келген болып шықты. Әйел есін жиғанда дәрігерлердің баласын алып тастағанын білген.

Дәрігер мен медбике өз кінәсін мойындады. Оларға жұмысқа салғырт қарады деген айып тағылып отыр.

Жаңалықтар
0