Әлем

Украина президенті қанша жалақы алатыны белгілі болды

© AP Photo / Efrem LukatskyВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экс-президент Петр Порошенко өткен жылғы жалақысын толық қайырымдылық қорына аударған

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский 28 мың гривен (425 мың теңге шамасында) жалақы алады, деп хабарлайды "Громадське" президент істері жөніндегі мемлекеттік басқармаға сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Зеленский маусымда 28 мың гривен (425 мың теңге шамасында) жалақы алған. Оның ішінде 5 460 гривен (82  мың теңге шамасында ) салық төледі.

Бұған дейін елді басқарған Петр Порошенконың да жалақысы осынша болған.

"Ураина президентіне басқа төлем (үстемеақы, сыйақы және т.б.) қарастырылмаған", - деп хабарлады президент істері жөніндегі басқарма.

Маусым айының ортасында Зеленскийдің Украина президенті лауазымына кіріскелі алған алғашқы жалақысы 12,7 мың гривен (192 мың теңге шамасында ) екені хабарланды. Бұл сомадан 2,4 мың гривен (36 мың теңге шамасында) салық төленген.

Қазақстанда 400 мың теңге жалақыны кімдер алады?

Жаңалықтар
0