Әлем

Бір ауруханада істейтін 20 медбике бірінен соң бірі босанды: тағы 16 әйелдің аяғы ауыр

© Photo : Рixabay/PexelsБеременность
Беременность - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балалар ауруханасында аяғы ауыр медбикелердің саны күрт көбейіп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. АҚШ-тың Миссури штатындағы балалар медициналық орталығында демографиялық жарылыс болды. Жансақтау бөлімінде істейтін медбикелер күтпеген жерден беби-бум жасапты.

Биыл бұл мекемеде 20 медбике босанды, тағы 16 медициналық қызметкердің аяғы ауыр көрінеді. Медбикелердің бірі Джулия Лэнгтің айтуынша, жаңа жыл кезінде аяғы ауыр қызметкерлердің көбейіп кеткені белгілі болған.

"Бізде жүкті медбикелер әрқашан табылады, бірақ бұл жолы... біз тым көппіз", - дейді Джулия Лэнг.

Медбикенің айтуынша, қазір бұл жағдай ауруханадағы әзіл-қалжыңға түрткі болып жүр. Тіпті кішкентай науқастардың өзі: "Мұнда жұмыс істеу үшін міндетті түрде жүкті болу керек пе?" – деп сұрайтын көрінеді, деп жазады InsideEdition.

Аурухана басшылығы жүкті қызметкерлерін түгел жинап, суретке түсірген екен. Facebook желісіндегі Children's Mercy парақшасында жарияланған фотоға пациенттер жарыса пікір жазып, медбикелердің аман-есен босануын тіледі.

Жаңалықтар
0