Әлем

Каспий теңізіне ұшақ құлады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСамолет МиГ-29 М2, архивное фото
Самолет МиГ-29 М2, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түнгі оқу-жаттығуға шыққан ұшақпен байланыс аяқ асты үзілген

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде — Sputnik. Әзербайжан әскери әуе күштерінің МиГ-29 ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады, қазір құтқарушылар ұшқышты іздеп жатыр. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған.

Оқиға 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша түнгі 22.00-де болған. Түнгі оқу-жаттығуы кезінде МиГ-29 жойғышымен байланыс күрт үзіліп, ұшақ радардан жоғалып кетеді.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан маңындағы ұшақ апатының мән-жайы анықталды - фото

Алдын ала деректер бойынша, әуе кемесі Каспий теңізіне құлаған.

Қазір құтқарушылар ұшқышты іздеп жатыр. Апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

Жаңалықтар
0