Әлем

Австралияда ер адам 1,4 килограмм саф алтын тауып алды

© Sputnik / Александр Лыскин / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саф туралы жазба жарияланғаннан кейін Калгурлиге алтын іздеушілер көптеп келе бастаған

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр — Sputnik. Калгурли қаламаңында австралиялық  металл іздегішпен серуендеу кезінде салмағы 1,4 килограмм тартатын саф алтын тауып алды, деп жазды Daily Mail газеті.

Табылған заттың құны 100 мың австралия долларына (26,231 миллион теңге) бағаланып отыр. Ер адам Голдфилдс-Эсперанс округінде алтын іздеумен айналысқан.

Алтынның суреті Facebook-тегі Finders Keepers Gold Prospecting арнайы тобында жарияланды. Қолданушылар құйманың көлеміне таңғалып жатыр.

Қоғамдастық парақшасының иесі Мэтт Кук (Matt Cook) мұндай көлемдегі саф өңірде жылына бірнеше рет қана табылатынын атап өтті.  

Куктың айтуынша, саф туралы жазба жарияланғаннан кейін Калгурлиге алтын іздеушілер көптеп келе бастаған.   

Жаңалықтар
0