Әлем

Ақылға сыймайды: полицейлер әке-шешесін азаптап өлтірген қаскөйді қолға түсірді

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ, архивтегі сурет
Пышақ, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Молдовадағы Сынджерей қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, інісінің ата-анасын өлтіремін деп сес көрсеткенін айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр - Sputnik. Тәртіп сақшылары оқиға орнына келгенде 78 және 79 жастағы қариялардың жансыз денесін тапты. Пышақ іздері мен бас сүйегінің зақымдануы олардың азаптап өлтірілгенін көрсеткен.

Күдікті оқиға орнынан қашып кетіпті. Алайда полицейлер оны қалалық саябақтан тапты. Қолында пышақ ұстап отырған, деп хабарлайды Молдованың Сынджерей қаласы полициясының баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары көзден жас шығаратын газ қолданып, қаскөйді қолға түсірді. Оның қалтасынан қомақты қаражат табылған. Ол шетелге жұмысқа кетуді жоспарлапты.
78 сағаттан соң, күдікті өз кінәсін мойындаған. Алайда қылмыс себебіне қатысты түсініктемесі бір-біріне қайшы келеді.
Полицейлер қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жаңалықтар
0