Әлем

Ғалымдар опоссумды жеп жатқан алып өрмекшінің үстінен түсті – видео

CC0 / DirtyOpi / Черная вдова
Черная вдова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Опоссум қарсылық көрсетуге тырысады, бірақ өрмекшіге шамасы келмейді

АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Ғалымдар құсжегіш-өрмекші  опоссумды (Америкада кездесетін қос жатырлы, қалталы жануар) қалай жейтінін видеоға түсіріп алды, деп жазды National Geographic басылымы.

Мичиган университетінің биологтары Перу джунглиінде жемтігін ұстап алған өрмекшіні тауып алды. Видеодан опоссум қарсылық көрсетуге тырысқанын, алайда бірнеше секундтан кейін қимылсыз қалғанын көруге болады.

 Ғалымдардың айтуынша, өрмекшінің көлемі шамамен 30 сантиметрге жетеді.

Финляндия ормандарында қоңыр аюлар айқасты — видео 

Зерттеушілер өрмекшілер құстар мен ұсақ кеміргіштерді жиі аулайтынын атап өтті. Олар тор құрмайды, жемтігін тасада күтіп жатады екен.   

Жаңалықтар
0