Әлем

Жігіт өзін дүниеге әкелгені үшін ата-анасын сотқа бергелі жатыр

© Photo : pixabay.comЖігіт
Жігіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
27 жастағы үнді жігітінің пікірінше, баланы өмірге әкелу кісі ұрлап, құлдыққа салумен бірдей

АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Үндістан тұрғыны өзінен рұқсат сұрамай өмірге әкелгені үшін ата-анасын сотқа бергелі жатыр, деп хабарлады Daily Mail.

Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жаңа туған баланы ата-анасы бақсының кеңесімен тірідей көміп тастады

Мумбаи қаласында тұратын Рафаэль Самуэль (Raphael Samuel) антинаталистер (бала тууға қарсы адамдар – Sputnik Қазақстан) қозғалысын жақтайтынын мәлімдеді. 27 жастағы жігіт пен оның жақтастары балалар бұл өмірде тек қана азап шегеді, сол себепті адамдардың көбеймегені жөн деп санайды. Самуэль баланы туып, оны тәрбиелеп өсіруді "кісі ұрлап, құлдыққа салумен" теңестіреді.

Осындай көзқарасына қарамастан ер адамның ата-анасымен қарым-қатынасы жақсы екен. "Мен ата-анамды жақсы көремін, тату тәтті тұрамыз, бірақ олар мені өздері үшін дүниеге әкелді. Балалық шағым бақытты өткені рас, бірақ бар өмірімді неге оқу-білім мен мансапқа арнауға тиіспін? Мені дүниеге әкелсін дедім бе?", — дейді ол.

Самуэльдің Facebook желісінде жеке тобы бар, сол жерде жүздеген оқырмандарымен ой бөліседі. Ол ата-аналарды екіжүзді деп айыптайды. "Ата-ана балаға не қажеттігін білсе, несіне оларды өмірге әкелді?" немесе "Адамды мәжбүрлі түрде жарық дүниеге әкеліп, жұмысқа салу кісі ұрлап, құлдықта ұстаумен бірдей емес пе?" деген сияқты посттар жариялап отырады.

Жаңалықтар
0