Әлем

Жолда дөңгелегі жарылып қалған ерлі-зайыпты күтпеген олжаға кенелді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуДөңгелек
Дөңгелек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ тұрғындары жолда дөңгелегі жарылып, көлік жөндеу орталығына барғанда лотерея билетін сатып алады

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тың Нью-Йорк штатында тұратын ерлі-зайыпты жолда дөңгелегі жарылып қалғандықтан, лотерея билетін сатып алып, қомақты қаражат ұтты, деп хабарлайды UPI.

Әже - Sputnik Қазақстан
Әлем
Немересіне дәмді ас әзірлемек болған әжей күтпеген олжаға кенелді

Ричард және Рэнди Лофер қазан айының соңында Вашингтон қаласынан үйіне қайтып келе жатады. Мэриленд штатындағы Абердин қаласында дөңгелегі жарылып қалыпты. Сол себепті көлік жөндеу орталығына келген олар дөңгелекті ауыстырып жатқанда, лотерея билетін сатып алады. Ричард билетті әмиянына салып, бірнеше ай бойы ол туралы ұмытып кеткен екен.

Қаңтар айының басында Лофер билетті тауып алады да, тексермек болады. "Лотерея сайтын ашып қарасам, алты нөмірдің үшеуі сәйкес келіп тұр, кейін төртеуінің ұқсас екенін аңғардым. Артынша алты нөмірде толық сәйкес келетініне көзім жетті", — дейді ол тілшілерге берген сұхбатында.

Сөйтіп, ерлі-зайыпты 50 мың доллар қаражат ұтып алған. Олар ұтыстың жартысын демалысқа жұмсап, тағы біразын қайырымдылық қорына аударғысы келеді.

Жаңалықтар
0