Әлем

Есігін аша алмаған: мұздатқышқа кіріп ойнаған үш баланың мәйіті табылды

© AP Photo / DaveCaulkinБұзылған тоңазытқыштар, архивтегі фото
Бұзылған тоңазытқыштар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балалар мұздатқыш камераның ішінде ойнамақшы болған

АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. АҚШ-та кішкентай екі қыз бен ұл бала далада ойнап жүріп, ажыратылған мұздатқышқа кірген. Олар қайта шыға алмай, ішінде өлді.

Кіржуғыш машина - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында сәби кір жуғыш машинаның ішінде тұншығып өлді

Солтүстік Флорида шерифінің айтуынша, 4 жасар қыздың анасы балаларға бас-көз болып отырған, алайда әжетханаға бару үшін үйге кіріп кеткен. Осы сәтте алты жасар ұл бала бір жасар қарындасы мен төрт жастағы дос қызын ертіп мұздатқышқа кірген, деп жазды CNN

Әйел аулаға қайтып келгенде балаларды таппай қалады. Ол ағалы-қарындасты балалардың әжесін оятып, екеуі бірге іздей бастайды. Балалар мұздатқыштың ішінен табылды. Әйел 911-ге қоңырау шалардан бұрын балалардың денесіне жан бітіруге тырысқан.

Шериф Сэм Сент-Джон шенеуніктер сойып-тексеру тәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеді. Істі мемлекеттік прокуратура қарайды. Флорида Балалар мен отбасы істері департаменті де осы іспен айналыспақ.  


Жаңалықтар
0