Әлем

65 жастағы әйел босанды: сәбиінің әкесі 80 жаста

© AP Photo Бөпе
Бөпе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа туған нәрестенің 80 жастағы әкесі бұл баға жетпес сыйға алғыс айтып отыр

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Үндістанда 65 жастағы әйел өмірге дені сау сәби әкеліп, екінші рет ана атанды.

Daily Mail басылымының хабарлауынша, нәрестенің әкесі 80 жаста.

Ер адам әйеліне қыз сыйлағаны үшін алғыс айтса да, баланы бағып-қағуға қосымша қаражатты қайдан табамын деп басы қатып отыр.

Әйел сәбиін табиғи жолмен босанған әлемдегі ең қарт ана атанды.

Ерлі-зайыптының бір ұлы бар – жасы 8-де.

Репродукция бойынша маман – дәрігер Шабир Сидикидің айтуынша, бұл оның тәжірибесіндегі өте сирек оқиға.

"Әдетте Үндістанда әйелдерде менопауза орта есеппен 47 жаста басталады. Содан кейін олар сәби сүйе алмайды. Бұл өте сирек жайт", — деп атап өтті дәрігер.

Қарт ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы екен.

Жаңалықтар
0