Әлем

"Мен" сөзін күйзеліске шалдыққан адамдар жиі айтады — ғалымдар

© Public DomainКүйзеліс
Күйзеліс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әдетте адам бір күнде 16 000 сөз айтады. Осының ішінде қанша рет "мен" сөзін қолданғанына қарап адамның ішкі жай-күйін анықтауға болады

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Аризона университетінің ғалымдары эмоционалдық жағдайы тұрақсыз адамдардың "мен", "маған" және "менің" есімдіктерін жиі айтатынын дәлелдеді. Бұл туралы naked-science.ru сайты жазды. 

Құрбылар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Күйеуің құрбыларыңды жақтырмаса..." Ғалымдар зерттеу жүргізіп, қорытынды жасады
Әдетте әңгіме барысында өздері туралы көп айтатын адамдар өзін ғана жақсы көретін, өзгелердің өміріне мүлдем қызығушылық танытпайтын жандар ретінде сипатталады. Алайда соңғы зерттеу нәтижесі бойынша адамның күйзеліске шалдығып, көңіл-күйі тұрақсыз болғанда "мен" есімдігін жиі қолданатыны белгілі болды. Аризона университеті психология кафедрасының қызметкері Элисон Тэкмэн мұның бірнеше себебін анықтады.

"Біздің алдымыздағы буын нарциссизм мен депрессия арасындағы байланысты тапқан болатын. Алайда олардың экспериментіне аз адам қатысып, әңгіме тек депрессия туралы болды. Біз өз кезегімізде бұл тақырыпты тереңірек зерттеп, адам мазасызданып, бойын жағымсыз сезімдер билеген кезде өзі туралы айтуға бейім келетінін анықтадық", — дейді ол.

Ол созылмалы күйзелістің депрессияға қарағанда әлдеқайда қауіпті екенін айтады. Себебі, адам алғашқысына мән бермей, өзін ұзақ уақыт бойы бақытсыз сезінуі мүмкін.

Тағы оқыңыз:

Аризона мамандары АҚШ пен Германияның 6 зертханасындағы 4 700 адамның денсаулық картасын зерттеген. Бастапқыда олар күйзеліске шалдыққан адамның жоғарыдағы есімдіктерді күніне неше рет айтатынын анықтайды. Әдетте адам бір күнде 16 000 сөз айтады. Зерттеу нәтижесінде "мен" есімдігін күніне 1 400 рет айту қалыпты болып саналды. Яғни олардың психологиялық денсаулығы сау. Ал шамамен 2 000 рет айтатындардың психологиялық жағдайы тұрақсыз болып шықты.

Шай - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар жүкті әйелдерге неге шай ішуге болмайтынын айтты

"Мысалы, екі адам оңашада сөйлесіп тұрды делік. Осы кезде олардың біреуі өзін қызықтыратын дүниелер туралы бірінші жақта айтатын болса, бұл адамның жаны ауырып тұрғанын білдіреді. Сондай-ақ, адамдардың өзіне ұнайтын нәрселерді меңземей "мен" есімдігін қолданатын кездері болады. Мұнда қазбалаудың қажеті жоқ. Бұл есімдіктің мұндай мәнде қолданылуы орынды", — дейді Тэкмен.

Сондай-ақ, бұл есімдіктердің нақты қайсысы қолданылатыны маңызды. Себебі, "мен" және "маған" есімдігін адам қиындықтары туралы айтқан кезде қолданады. Ал "менің" есімдігі бар назарды адамнан объектіге аударғанда қолданылады.

Ғалымдар зерттеулерінің нәтижесін Journal of Personality and Social Psychology журналында жариялады.

Жаңалықтар
0