Әлем

Достарын жыланмен қорқытпақ болған жігіт тіл тартпай кетті - видео

CC0 / WikiImages / Жылан
Жылан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
24 жастағы жігіт жыланмен суретке түсуге рұқсат сұрайды да, мойнына орап алып, достарына қарай жүгіре жөнеледі

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Үндістанда жас жігіт достарын қорқытпақ болып, өкінішке орай, өмірімен қош айтысты, деп жазады Daily Mail

24 жастағы Чи Джагадиш жыланның иесінен кобрамен суретке түсуге рұқсат сұрайды. Үйретуші жыланды баппен иығына іледі, Джагадиш болса өзіне қандай қауіп төніп тұрғанын қаперіне алмастан, мәз болып күліп тұр.

Жігіттің достары бәрін видеоға түсіріп тұрады. Кадрларда жылан иесі кобраны Джагадиштің иығына ілген бойда, ол жолдастарына қарай жүгіре жөнелген. Ақыры соңында жылан жігітті тістеп алыпты. Бірақ видеода жігіттердің Джагадиштен қашып бара жатқаны ғана түсірілген. 

Жігітті тез арада ауруханаға жатқызғанымен, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады. Ал жылан үйретуші тісі мен уын алып тастағанмын деп отыр. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Жаңалықтар
0