Әлем

Дүркіретіп той өткізген жас жұбайлар бір сағаттан соң көз жұмды

CC0 / pixabay.com/Elkimmelito / Неке жүзігі, архивтегі фото
Неке жүзігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күйеу мен қалыңдық мінген тікұшақ апатқа ұшырады. Ұшқыш та қаза болды

АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. АҚШ-тың Техас штатында жас жұбайлар неке қию рәсімінен соң бір сағаттан кейін тікұшақ апатынан көз жұмды. Бұл туралы жергілікті ABC13 телеарнасы хабарлады. 

Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жолаушылар мінген ұшақ мұхитқа құлады

Әуе апаты техастың оңтүстігінде болды, күйеу мен қалыңдық отбасылық фермада үйлену тойын тойлаған. Салтанатты рәсімнен кейін олар ұшаққа отырып, Ювальда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 мил қашықтықта апатқа ұшырады. Жастар мен ұшқыш көз жұмды. 

Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес тікұшақтың апатқа ұшырау себебін анықтап жатыр, деп жазды korrespondent.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын АҚШ-та тіркемелер тұрағына тікұшақ құлаған болатын. Екі адам көз жұмып, біреуі зардап шекті.

Бұған дейін Ауғанстан әуе күштерінің тікұшағы елдің батысындағы Фарах провинциясында құлады. Бортта әскери шенеуніктер мен провинция кеңесінің мүшелерін қосқанда, кем дегенде 20 адам болған.


Жаңалықтар
0