Әлем

Сұлулық байқауының жеңімпазы сахнада есінен танып құлады

© Photo : Рixabay/jbundgaaсұлулық байқауы, иллюстрация
сұлулық байқауы, иллюстрация - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде сұлулық байқауында жеңіске жеткен арудың есінен танып құлаған сәті түсірілген видео жарияланды

АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Miss Grand International байқауының жеңімпазы парагвайлық ару Клара Соса жеңіске жеткенін естіген кезде есінен танып құлады, деп жазады ABS-CBN News.

Оқиғаның видеосы YouTube-та пайда болды. Сахнада екі қыз қолдарынан ұстап, байқау жеңімпазы есімінің жариялануын күтіп тұрады. Өзінің жеңгенін естіген кезде парагвайлық ару Клара Соса қатты қобалжығандықтан болар, сахнада есінен танып құлайды.

Біраздан кейін жеңімпаз есін жинап, әрі қарай марапаттау рәсіміне қатысады.

Miss Grand International — жыл сайын өтетін халықаралық сұлулық байқауы. Биыл байқау Мьянмада ұйымдастырылды. 

Жаңалықтар
0