Әлем

Аюдан қашқан Қытай тұрғыны биік жардан секіріп кетті: жантүршігерлік суреттер

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуАю
Аю - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саңырауқұлақ теруге барған Қытай тұрғыны аюлар отбасына тап болып, өмірімен қош айтыса жаздады

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Гималай аюының отбасына тап болған Қытай тұрғыны ажал аузынан қалды. Ересек аюдан қашқан ол жардан секіріп кетуге мәжбүр болған.

Аю - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әкесі ұлын құтқару үшін аюмен айқасқа түсті
Саңырауқұлақ тергенді жақсы көретін Хуацзян Тан орманға бара жатқанда, өліммен бетпе-бет келемін деп ойламағаны анық. Үйіне қайтар жолда ол екі ересек аю мен екі қонжығына кезігеді, деп жазады Mirror.

Қонжықтар ағаш басында жүрсе де, ересек аюлар ер адам оларға қауіп төндіреді деп шешіп, біреуі Хуацзян Танға тап береді.

Аюмен арпалыс бірнеше минутқа созылады. Сол кезде алып жыртқыш ер адамды үш рет жерге алып тұрып, Қытай тұрғыны қатты жарақат алады.

Ақыры аңның тырнағынан сытылған Хуацзян Тан аюмен жалғыз өзі арпалыса алмайтынын түсініп, өз-өзін құтқару үшін бес метр жардан секіріп кетуге бел буады. Жыртқыш соңынан ілеспепті, сөйтіп ер адам аман қалған.

© Photo : AsiaWire/First NewsАюдан қашқан қытайлық жардан секіріп кетті: қорқынышты суреттер
Аюдан қашқан қытайлық жардан секіріп кетті: қорқынышты суреттер - Sputnik Қазақстан
1/2
Аюдан қашқан қытайлық жардан секіріп кетті: қорқынышты суреттер
© Photo : AsiaWire/First NewsАюдан қашқан қытайлық жардан секіріп кетті: қорқынышты суреттер
Аюдан қашқан қытайлық жардан секіріп кетті: қорқынышты суреттер - Sputnik Қазақстан
2/2
Аюдан қашқан қытайлық жардан секіріп кетті: қорқынышты суреттер
1/2
Аюдан қашқан қытайлық жардан секіріп кетті: қорқынышты суреттер
2/2
Аюдан қашқан қытайлық жардан секіріп кетті: қорқынышты суреттер

Ауруханаға әрең жеткен қытай жігітіне бірден ота жасалды. Дәрігерлер ер адамның өмірлік маңызды органдарына ешқандай зақым келмегеніне қатты таңғалыпты.

Жаңалықтар
0