Әлем

Мысырға саяхаттап барған туристің жүрегі мен бүйрегі ұрланды

© AFP 2024 / SANJAY KANOJIAМәйітхана
Мәйітхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл істі Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі бақылауына алды

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. 62 жастағы Дэвид Хамфрис Мысырда демалып жүрген жерінде көз жұмды. Ер адамның мәйіті еліне қайтарылды, бірақ кейін оның кейбір мүшесінің жоқтығы анықталды. Бұл туралы The Sun басылымы жазды.

Паром - Sputnik Қазақстан
Әлем
Кемеден құлаған турист 10 сағат суда жүзуге мәжбүр болды

Дэвид Хамфрис қонақ үй бассейінінде немерелерімен ойнап жүріп, кенеттен есінен танып құлайды. Турист дер кезінде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оған көмектесе алмады. Мысырлық дәрігерлер оның денесін кесіп тексеріп, кейін мәйітті Ұлыбританияға салып жіберді.

Британиялық сот тергеушісі Дэвид Хамфристің неден қайтыс болғанын анықтау үшін тағы бір мәрте тексеріс жүргізуді тапсырды. Сол кезде ер адамның денесінде бүйрек пен жүрегі жоқ екені белгілі болады. Хамфристің отбасы марқұмның дене мүшелері ағза саудалаушылардың қолына түскен болуы мүмкін деп сезіктеніп, Мысыр билігінен бұл үшін жауап беруді талап етті.

Басқа нұсқа бойынша, Дэвид Хамфрис дәрігерлер ота жасаған кезде қателік жіберіп, өздерінің осы әрекеттерін жасыру үшін ағзаларды шығарып алған. Десе де аурухана басшылығы ер адамның 12 мүшесін толықтай қайтарғанын айтып ақталып отыр. Бұл істі Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі жеке бақылауына алды.

 

 

Жаңалықтар
0