Әлем

Теміржолда тұрған 59 адамды пойыз басып өлтірді

Жазылу
Тағы 57 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Үндістан билігі Амритсар қаласында пойыздың астында қалған адамдардың саны қанша екенін нақтылады. Reuters басылымының хабарлауынша, апаттан 59 адам көз жұмған.

Қайтыс болғандардың мәйіті - Sputnik Қазақстан
Әлем
Кеме аударылып, құтқарушылар судан 200-ден астам мәйіт алып шықты

Соңғы мәліметтер бойынша, тағы 57 адам әртүрлі жарақат алған. Билік өкілі апаттың неліктен болғанын түсіндірмеді, тек әзірге тексеріс жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.

Апат 19 қазан күні Дашахра мерекесін тойлау кезінде болған. Бұл мереке жақсылықтың жамандықты жеңуінің символына айналған.

Бір топ адам осы сәтте теміржолда Равана тұлыбына қарап тұрған.

Куәгерлердің айтуынша, жақындап қалған пойыздың дауысы шытырлап жанып жатқан от пен шудан естілмей қалған.

Жаңалықтар
0