АСТАНА, 14 қазан — Sputnik. АҚШ-та жеңіл моторлы ұшақ Атлант мұхитына құлады. Ұшақ бортында үш жолаушы болған.
Қайғылы оқиға сенбі күні күндіз болған. РИА-Новости ақпаратынша, Коннектикуттан ұшып шыққан Piper PA-34 ұшағы Лонг-Айленд аралынан 1,5 шақырым қашықтықта суға құлаған.
Жағалау күзеті қызметкерінің айтуынша, сенбі күні кешке ұшақтың сынығы мен бір жолаушының денесі табылды.