09:13 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
2660 0 0

Телефонды тастамайтын қызын тәрбиелемек болған әйел ұрлық жасағаны үшін айыпталды. Арызды бұрынғы күйеуі берген

АСТАНА, 1 қазан — Sputnik.  АҚШ-та 15 жастағы қызының телефонын алып қойған әйелдің басы бәлеге қалды, жасөспірімге смартфонды әкесі Рождество мерекесіне сыйға тартқан екен.

Мичиган штатында тұратын әйел сабақ оқысын деп қызының телефонын алып қойған. Алайда әдеттегі тәрбиелеу шарасынан кейін Джоди Мэй қамауға алынды. Полиция қызметкері оның үйіне келіп, ұрлық жасағаны үшін айыптап, қолына кісен салған, деп жазды Life.ru.  

"Бұл мәселе неліктен насырға шауып кетті және бұған қалай жол берілді деген сұраққа жауап алғым келеді. Мен өз баламды тәрбиеледім, не үшін қолыма кісен салды?", — дейді ашынған ана.

Джоди түрмеге жабылды, онда ол бірнеше сағат отыруға мәжбүр болды, одан кейін әйелді 200 доллар кепілдікпен босатқан. Кейінірек Джодидің "ұрлық" жасағанын бұрынғы күйеуі хабарлағаны анықталды. Ұялы телефон оның қызына алып берген рождестволық сыйлығы болып шықты, ер адам қызын қатал анасынан осылай қорғамақ болған көрінеді.

Істің мән-жайы анықталғаннан кейін сот Джодиге тағылған айыптардың күшін жойды.   

Тақырып бойынша

Біреудің балмұздағын жеген қазақстандық түрмеге отыруы мүмкін
Қостанай тұрғыны қарындасын құтқарамын деп жүргенде түрмеге түсіп қалды
Криштиану Роналду екі жыл түрмеге отыруы мүмкін
Төмен жалақыға шағымданған мұғалім түрмеге қамалды
Кілт сөздер:
телефон, түрме, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып