Әлем

Тікелей эфирде студияға кіріп келген бала жүргізушілерді әбден састырды – видео

© Photo : Vidmir Raic Бала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде жарияланған видео 300 мыңнан астам рет қаралды

АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Америкалық E! News телеарнасының жүргізушісі Джулиана Ранчичтың ұлы түсірілім алаңына жүгіріп шығып, тікелей эфирді үзіп жіберді. 

Телешоудың үзіндісін Ранчичтің әріптесі Джейсон Кеннеди инстаграмдағы парақшасында жариялаған. 

Келеңсіз жәйт Ранчич пен Кеннеди тікелей эфир кезінде жаңалық жүргізіп жатқан кезде болған. Дюк есімді балақайдың ойын мен биге берілгені соншалық, камераға назар аудармаған. Баланың түсірілім алаңына шығып кеткенін бірінші болып Кеннеди байқайды. 

Тікелей эфирде ұлын көргеніне таңғалған Ранчич оны студиядан шығармақшы болған.  

"Анаң жұмыс істеп жатыр", — деп түсіндірді ол баласына. Сондай-ақ телекөрермендерге ұлының кадрда көрінуі жоспарланбаған нәрсе екенін айтты.  

Ал әріптесі Кеннеди эфирді жалғастыруға тырысқан. 

"Анаң телешоу жүргізіп жатыр, балақай. Сен ата-аналық міндетіңді атқарып жатқанда, мен эфирді аяқтай салайын", — деп әзілдеді ол. 

Кеннедидің әлеуметтік желіде жариялаған видеосы 300 мыңнан астам рет қаралған. Тележүргізуші видеоның астына қалжыңмен "Бала күтуші табылмағанда…" деп жазған.


Жаңалықтар
0