Әлем

Дәрігерлер бойжеткеннің қынабынан тасбақа алып шықты

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуТасбақа
Тасбақа - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бойжеткен ағзасына тасбақаның қалай кіргенін есіне түсіре алмады

АСТАНА, 25 қыркүйек — Sputnik. Испанияда демалып жатқан Ұлыбритания елінің азаматы жергілікті ауруханаға іші ауырып жатқанын айтып барған. Науқасты бақылау кезінде гинекологтар 26 жастағы қыздың қынабында бөгде зат барын анықтады, деп хабарлайды ABC.

Операция - Sputnik Қазақстан
Әлем
Дәрігерлер адамның миынан құрт алып шықты

Дәрігерлер көп ұзамай бойжеткенің қынабынан қытай тасбақасын алып шықты. Бойжеткен бұл тасбақаның ағзасына қалай кіріп кеткенін білмейді. Сондай-ақ, өлі тасбақа британ бойжеткеннің ағзасына инфекция таратқан. Енді ол ауруханада ұзақ уақыт емделуге мәжбүр.

Мамандар қызды зорлады деген күдікпен полиция шақырған. Науқастың айтуынша, ол жуырда достарымен кешке барған. Бірақ бойжеткен аталған кеште не болғанын есіне түсіре алмады. Сондай-ақ, ол тергеу жұмыстарының жүргізілуіне қарсылық білдірді.

Тасбақаның бұл түрі әдетте Қытай, Жапония, Филиппин елдерінде көп. Ұзындығы — 18 см, оны әдетте үйде ұстайды.

Жаңалықтар
0