Әлем

"Іштен тепкіледі". Ерлі-зайыпты баласын ренжіткен оқушыны жабылып ұрып тастады

© Photo : pixabay.comЕр адам жұдырық түйіп тұр
Ер адам жұдырық түйіп тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір бесінші сынып оқушысы ауруханада жатыр

АСТАНА, 23 қыркүйек — Sputnik. Челябинскте екінші сынып оқушысының ата-анасы баласын ренжіткен жасөспірімді үзіліс кезінде ұрып тастады.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Түркия азаматы Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрып тастады

Жаға ұстатарлық оқиға 20 қыркүйекте №42 мектепте болған. Үзіліс кезінде екінші сынып оқушысының әкесі ұлын ренжіткен бесінші сынып оқушысын ұрып тастаған. Ер адам жасөспірімнің мойнынан ұстап алып, іштен тепкілей бастаған. Бұған қоса, баланы балағаттаған. Оқушы ер адамнан құтылып, көшеге жүгіріп шыққанда, оны әлгі сабаған адамның әйелі ұстап алған.

Осыдан кейін ерлі-зайыпты баланы жабылып сабай бастаған. Мұны көрген мұғалімдер дереу оқушыға араша түсіп, жанжалды тоқтатты. 5-сынып оқушысы ауруханаға жеткізілді.

Зардап шеккен баланың анасы полицияға шағымданған, аталған факті бойынша тексеріс жүріп жатыр, деп жазады URA.RU.

Челябинск облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ирина Буторина дүйсенбіден бастап жан-жақты тексеріс жүргізетінін мәлімдеді.

"Оқиғаның мән-жайын анықтаймыз, дүйсенбіден бастап кірісеміз. Мектеп тарапынан барлық қажетті шара қолға алынған-алынбағанын тексеріп, лауазымды тұлғалардың әрекетіне баға береміз", — деді ол.

Білім беру мекемесі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Жаңалықтар
0