Әлем

Емтиханға дайындалып жатқан қыздан қан аралас тер аға бастады

CC0 / Arieth / Қыз бала
Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гематидроз - сирек кездесетін дерт, күйзеліске ұшырағанда немесе қатты қорыққанда науқастан қан аралас тер ағады

АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Вьетнамда емтиханға дайындалып жатқан қыздың денесін қанды тер жуып кетті. Бұл жайында The Sun басылымы хабарлайды.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Әлем
"Инопланетянин" деп мазақтайды: сирек кездесетін дертке шалдыққан жігіттің мұңы

Дәрігерлердің пайымдауынша, 11 жастағы мектеп оқушысы гематидроз дертіне шалдыққан, ол қатты қорыққанда немесе уайымдаған кезде асқынып кетеді. Адам тамырларының зақымдануы салдарынан қан мен тер араласып, қызыл түсті сұйықтық ретінде терісінен шыға бастайды.

Ауру белгілері алғаш байқалған кезде дәрігерлер қыз балаға тері инфекциясын жұқтырған деген диагноз қойып, антибиотиктермен емдепті. Дәрі-дәрмек көмектеспеген соң, баланы қайта қарап, гематидроз диагнозы қойылған. Дәрігердің айтуынша, бұл науқас 10 миллион адамның біреуінде ғана кездеседі.

Қанды тер неліктен шығатыны әлі толық зерттелмеген, өйткені ондай жайттар өте аз тіркеліпті. Отбасыда қыздан бөлек, тағы екі бала бар, бірақ олар мұндай дертке шалдықпаған.

Мамандар бірнеше емдеу тәсілін пайдаланып көрмекші. Әуелі қыз баланы күйзелістен арылту керек. Зерттеулер бойынша, гематидроз адам жасына еш әсер етпейді екен.

Жаңалықтар
0