Әлем

Голливуд жұлдызы өмірден озды

© AFP 2024 / Robyn BECKБертон Рейнольдс бейнеленген плакат, Калифорния, 2018 жылдың 6 қыркүйегі
Бертон Рейнольдс бейнеленген плакат, Калифорния, 2018 жылдың 6 қыркүйегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БАҚ-тың хабарлауынша, атақты америкалық актер жүрек талмасынан көз жұмған

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Актер Берт Рейнольдс Флорида ауруханасында 83 жасында қайтыс болды.  

Иосиф Кобзон - Sputnik Қазақстан
Иосиф Кобзон қайтыс болды

РИА Новости TMZ-ге сілтеме жасап хабарлағандай, қазаға  инфаркт себеп болды.  Рейнольдс 2010 жылы жүрегіне ота жасатқан. 

Рейнолдс 1970 жылдары Голливудтың жетекші жұлдыздарының қатарында болды, оған 1972 жылы түсірілген Джон Бурманның "Құтқару" фильмі танымалдылық әкелді.    

1973 жылдан 1983 жылға дейін ол Американың ең танымал актері атағы үшін Роберт Редфордпен таласқа түсті. "Полиция және бандит", "Зеңбірек ядросы" комедиялық боевиктері арқылы көрерменге кеңінен танылды.  

1992 және 1998 жылдары "Алтын Глобус" сыйлығына ие болды, ал 1991 жылы "Эмми" сыйлығын алды. 1997 жылы " Boogie Nights" фильміндегі екінші жоспардағы рөлі үшін "Оскар" жүлдесін иеленді.

Қазақстанның халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпова 86 жасында өмірден өтті

Соңғы рет келесі жылы жарық көретін Квентин Тарантиноның "Бір күні  Голливудта" фильміне түсті. Фильмде онымен бірге  Леонардо Ди Каприо, Брэд Питт және Марго Робби ойнады.    


Жаңалықтар
0