Әлем

Балаларын жыланмен ойнатып қойған ерлі-зайыпты жұрттан сөз естіді — видео

CC0 / / Питон, иллюстративное фото
Питон, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны ата-ана болу құқығынан айыруды талап етті

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Әлеуметтік желіде баланың жыланмен ойнап отырған сәтінде түсірілген видео қызу талқыға түсіп жатыр.

Құс жыланның ішек-қарнын жұлып алды

Ресейлік басылымдардың мәліметінше, видео Индонезияда түсірілген. Жыланмен ойнап отырған бүлдіршінді телефонның видеосына ата-анасы түсірген екен.

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі ашуға мініп, ерлі-зайыптыларды ата-ана болу құқығынан айыруды талап етсе, енді екіншілері керісінше мұндайда не істеу керектігін әр адам өзі шешетіндігін жеткізді.

Десе де, видеодағы бүлдіршін жыланнан еш қорқып отырған жоқ. Керісінше өзін барынша жайлы сезініп, әлі де ойнай түскісі келетін сыңай танытты.

Жаңалықтар
0