АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Беларусьтағы ең ірі құс фабрикасы бір партия жұмыртқаны жарамсыз деп далаға тастаған. Алайда кейбірінен балапандар жарып шыға бастапты.
Жұмыртқаны "1-я Минская птицефабрика" ААҚ далаға шығарып тастаған. Инкубациялық кезең өткен соң, балапан жарып шықпаcа, жұмыртқалар қоқысқа жіберіледі. Әдетте жарамсыз партия салынған контейнерді қоқыстарды жоятын зауытқа апарады екен, бірақ бұл жолы тәртіп бұзылып, жұмыртқаны далаға тастапты, — деп хабарлайды ОНТ беларус арнасы.
Аталған оқиға бойынша құс фабрикасы мәселенің анық-қанығына жетуге уәде берді.
Қазақстан Ресейден құс өнімін әкелуге тыйым салды
Қалған жұмыртқалар жойылды, ал қайырымды жергілікті тұрғындар 20-дан астам балапанға су беріп, жәрдемдесіпті.
Дәл осындай жайт біраз бұрын Марнеули грузин қаласында болған еді. Онда да құс фабрикасы бірнеше жүз тауық жұмыртқасын далаға тастап, нәтижесінде біраз күн өткен соң балапандар пайда болған. Жан-жаққа бытырап тарап жатқан сары шөжелерді куәгерлер видеоға түсіріп алыпты.