Әлем

Робот көгершіндер қытайларды аңдуға көшті

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуҚытайлар
Қытайлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір Қытай бақылау камерасы орнатылған дрондарды сынақтан өткізіп жатыр

АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Қытай көгершінге ұқсатып жасалған дрондар арқылы өз халқын бақылауға көшті. Электронды құстар ірі қалаларда халық көп жиналған орындарда ұшып, қоғамдық тәртіпті бақылайды.

Дрон - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дрондар террорлық мақсатта пайдаланылуы мүмкін

"Азаматтарды әуеден бақылау бағдарламасы "Dove" (көгершін –ред. ескерт.) деп аталады және кем дегенде Қытайдың бес провинциясында іске қосылған. Әуеден дронды кәдімгі құстан ажырату өте қиын", — дейді Солтүстік-Батыс политехниалық университетінің профессоры Сианя Сон Бифэн. 

Электронды құс бейнебақылау жүйесімен, ұзақ ұшуға арналған аккумулятормен, GPS және түрлі сенсорлармен жабдықталған, деп жазды CNet. 

Сарапшылардың айтуынша, дрон көгершіндерді мобильді бақылау пункті ретінде пайдалануға болады. Бұл кезде нысан өзінің бақылауда екенін білмей де қалады екен. 

Соңғы уақытта Қытайдың көптеген қаласында азаматтардың кім екенін анықтайтын жүйе жұмыс істейді. Ол билікке тұрғындарды бақылап, қоғамдық тәртіпті сақтауға септігін тигізіп жатқан көрінеді. Мәселен, Бейжіңде полицейлер кезекшілік кезінде ақылды көзілдірік тағып жүреді. Көзілдірік көшедегі адамдардың бет-әлпетін базадағы іздеуде жүрген қылмыскерлердің түрімен салыстырады.

Павлодар облысына қытайлар зауыт ашуға келді>>

Қытайлар ислам дінін қабылдап жатыр>>

Жаңалықтар
0