Әлем

Лукашенко Беларусь басқа мемлекеттің құрамына өтуі мүмкін екенін мәлімдеді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАлександр Лукашенко
Александр Лукашенко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Александр Лукашенконың пікірінше, егер елдегі экономикалық реформалар құрдымға кетсе, Беларусь тәуелсіздігінен айырылып қалуы мүмкін

АСТАНА, 24  – Sputnik.  Беларусь президенті Александр Лукашенко егер халық ел алдына қойылған экономикалық міндеттерді орындамайтын болса, республика тәуелсіздігінен айырылуы мүмкін екенін айтты.  

 РИА Новости хабарлағандай, ол шулы мәлімдемені Могилев облысының Шклов ауданына сапары кезінде жасады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев шетелдік инвесторларға: бірлескен жұмыс үшін алғыс айтамын

"Осы жылдарда төзімділік таныта алмасақ, құрдымға кетеміз, демек не қандай да бір мемлекеттің құрамына өту керек болады, не бізге жай ғана аяғын сүртіп тастай салады", — деді президент.

Сонымен қатар, Лукашенко ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жеке қолға алғысы келетіндерге қатаң талап қоюдың маңыздылығын атап өтті.  

"Біз жеке капиталды тартуға қарсы емеспіз. Алайда қатаң талап болады. Мұндағы адамдар ренжімеуі үшін шартты қатаңдату керек", — деді Беларусь басшысы. 

Назарбаев тәуелсіздік алған кезде әскер басқаратын жалғыз генерал тапқанын еске алды>>

Ол азаматтар лайықты еңбекақысын ала отырып, ертеңгі күніне сенімді болуы тиіс екенін атап өтті.

Ел басшысы бұған дейінгі сөздерінде республикада шығыны көп әрі дотациялық жобаларды құруға тыйым салып, Беларусь азаматтарын мықты кадрларды іріктеп, тәртіпті қадағалауға шақырған болатын. 

 Зиялы қауым Елбасының шешіміне қатысты не дейді?>>     


Жаңалықтар
0