Әлем

Үш минут үзіліс жасаған жұмысшының жалақысы қысқартылды

© PhotoЖұмыс үстелі
Жұмыс үстелі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Компания қызметкердің жұмыс орнында болмағанын байқап еңбекақысын қысқартқан

АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Жапон компаниясы күн сайын түскі ас сатып алуға үш минутқа жұмыс орнын тастап кететін қызметкері үшін клиенттердің алдында кешірім сұрады.

Жапон тілі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда түрмедегілер жапон тілін оқитын болды

Daily Mail хабарлағандай, 64 жастағы ер адам "Кобе" су құбыры компаниясында жұмыс істейді. Жеті ай бойы жақын маңдағы дүкенге бару үшін 26 рет үш минутқа жұмыс орнын тастап кеткен екен. Сөйтіп, 2017 жылдың қыркүйегі мен 2018 жылдың наурызы аралығында шамамен 78 минут жұмсаған. Компания өкілдері клиенттерден кешірім сұрады.

Басылым атап өткендей, компания жұмысшының өз орнында жоқ екенін көрген соң жалақысын қысқартқан: әріптестерінің бірі ер адамның тамақ алу үшін жолдан өтіп бара жатқанын терезеден байқап қалыпты.

Назарбаев жұмыс күнін қалай дұрыс бастау керек екенін айтты>>

"Осындай жайттың болғаны өкінішті. Шын жүректен кешірім сұраймыз", — деп мәлімдеді компания телевидение арқылы.

Әлеуметтік желі қолданушылары жұмысшыны қорғаштап, бұл жазаны "мүлдем ақылға қонымсыз" деп санайды.

"Адамдарға әжетханаға баруға да болмай ма? Құлдық па, әлде не?", — деп жазды Twitter қолданушыларының бірі.

Қазақстанда еңбек шартын қалай жасау керек?>>

Жаңалықтар
0