Әлем

Базардан сатып алған граната жарылып кетіп, ер адам қаза тапты

© Sputnik / Табылды КадырбековЕр адамның қолы
Ер адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қару сақтап, абайсызда кісі өлтірген сатушы абақтыға қамалды

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Франция тұрғыны базардан сатып алған гранатаның жарылып кетуі салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости Est Republicain басылымына сілтеме жасап.

Басылым жазғандай, 68 жастағы Дамлевьер тұрғыны базардан төрт граната сатып алған екен. Ол біреуін алып гаражда бірдеңе істемек болғанда, снаряд жарылып кетіпті. Ер адам қаза тапты.

Полиция хабарлағандай, қару сақтап, абайсызда кісі өлтірген сатушы абақтыға қамалды. Прокурордың айтуынша, сатушының базардағы орнын тінту барысында тағы бір граната табылған.

Жаңалықтар
0