Әлем

Зымыраннан қатты үрейленген адамдар үйлену тойын тастап қашты – видео

CC0 / pixabay.com/Elkimmelito / Неке жүзігі, архивтегі фото
Неке жүзігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Иранның Сириядағы әскери қызметкерлері Израиль әскерін зымыранмен атқылады

АСТАНА, 13 мамыр — Sputnik. Сирияға орналастырылған Иран әскері үш күн бұрын Израиль әскеріне зымыранмен соққы жасады.

Израильде зымырандардың бірі үйлену тойының шырқын бұзды. Оқиғаның видеосы YouTube-те жарияланды. Кадрда дабыл сигналын естіп, зымыранда көрген адамдар тойдан асығыс-үсігіс кетіп жатқаны көрінеді. 

10 мамыр күні Израиль әскері Иранның Сириядағы әскери қызметкерлері зымыранмен соққы бергенін хабарлады. Израиль жауап ретінде Сирияда орналасқан Иранның әскери нысандарына зымыран соққысын жасаған.    


Жаңалықтар
0