17:44 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
59 0 0

Оңтүстік Кореяда корейаралық саммит өтіп жатыр

АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. КХДР мен Оңтүстік Корея лидерлері Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин екі ел арасындағы демаркациялық сызықта орналасқан Пханмунджом пунктінде кездесіп, қол алысты. Кейін қос ел басшылары суретке түсіп, корейаралық саммит басталған ғимаратқа кірді, деп жазады РИА Новости

Ким Чен Ын Солтүстік Корея делегациясы келіссөздерге бейбітшілік пен гүлдену жолындағы жаңа тарихты бастау үшін келгенін айтты. Осы орайда Мун Чжэ Ин әріптесін уағдаластықтарға қол жеткізуге шақырды.

"Егер біз шынайы диалог жүргізсек, бейбітшілікке ұмтылған ұлтымыз бен барша адамзатқа үлкен сый жасаймыз", — деді ол. 

"Біздің төрағамыз Ким тарихта алғаш рет әскери-демаркациялық сызықты кесіп өтті. Дәл осы сәтте Пханмунджом бөліну символы емес, бейбітшілік символына айналды", — деп қосты Оңтүстік Корея лидері. 

Келіссөздердің бірінші кезеңінен кейін Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкілі мәлімдегендей, Ким Чен Ын оңтүстіккореялық әріптесіне жиі кездесіп тұруды ұсынған. 

Бүгін қос мемлекет басшылары Солтүстік пен Оңтүстіктің қарым-қатынасын жақсарту және қайта бірігу перспективаларын талқылайды. 

Айта кетсек, Ким Чен Ын соңғы 65 жылда Оңтүстік Корея жеріне аяқ басқан КХДР-дың алғашқы басшысы болып отыр.

Кілт сөздер:
Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея, Ким Чен Ын, кореяаралық саммит
Загрузка...

Басты тақырып