Әлем

Үстіне "аспаннан" ит құлаған бойжеткен ауруханаға түсті – видео

Жазылу
Қыздың миы шайқалып, мойнына зақым келген

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Қытайда үстіне ит құлап кеткен қыз ауруханаға түсті. Бұл оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Daily Mail.

Видеодан үйдің есігіне жақындап қалған қыздың үстіне жоғарыдан иттің құлап түскенін көруге болады. Бойжеткен сол жерде есінен танып қалады. Ит қашып кеткен. 

Көшедегі адамдар жедел жәрдем шақырады. Қыздың миы шайқалып, мойнына зақым келген. 

Полиция мән-жайды анықтап, иттің иесін іздеп жатыр. 


Жаңалықтар
0