Әлем

Ер адам ракты жеңген әйелін мотоциклмен басып өлтірді

© SputnikЖол апатына ұшыраған мотоцикл, архивтегі сурет
Жол апатына ұшыраған мотоцикл, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 15 сәуір — Sputnik. Уэльсте ер адам қатерлі ісікті жеңген әйелін абайсызда мотоциклмен басып кетті. Салдарынан жұбайы қаза болды, деп жазады life.ru.

Көпқабатты үй. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Досын қорқытпақ болған жас жігіт оны абайсызда өлтіріп алды

Ванесса қатерлі ісіктен құлан-таза айыққанын атап өту үшін күйеуіне мотоциклмен сапарға шығуды ұсынады. Алайда үйге келе жатқан кезде жол апаты болып, әйел қаза тапты. 

Мотоцикл айдаған Ванессаны бұрылыста жүк көлігі қуып жетіп, жолын кескен. Осы кезде әйел рөлге ие бола алмай, бірден тежегішті басқан. Сөйтіп өзі мотоциклден ұшып кетеді. Бұл сәтте күйеуі Джим әйелінің артында келе жатқан. Қатты жылдамдықпен келе жатқан ер адам бұрылыстағы жол апатын байқамай, жерде жатқан әйелін басып өтті. Ауыр жарақат алған әйел көз жұмды. 

Жол апатының мән-жайын анықтаған полицейлер мен судьялар бұл жазатайым оқиға деген қорытындыға келді. 

Ал апатқа кінәлі жүк көлігінің жүргізушісі Джин Уильямс тұтқындалып, бір жылға сотталды. Сондай-ақ, 84 жастағы ер адам байқаусызда адам өлтіргені үшін екі жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.


Жаңалықтар
0