Әлем

АҚШ-та екі басты жылан табылды

Жазылу
Жыланның тек басы ғана емес, жүрегі мен өңеші де екеу

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Флорида штатында жергілікті фермер екі басы бар жаңа туған жылан тауып алды, деп жазады РИА Новости.

Ер адам жыланды бірден ветеринарларға көрсеткен. Белгілі болғандай, жыланның тек басы ғана емес, жүрегі мен өңеші де екеу екен. Ветеринарлар мұндай жаратылыс табиғатта өте сирек кездеседі деп отыр. 

Мамандар ас қорыту жүйесінің екі бөлек болуы жабайы ортада тірі қалу мүмкіншілігін азайтатынын атап өтті. 

"Бұлай туған жыландардың көбісі ұзаққа бармай өліп қалады, себебі жеткілікті түрде азық таба алмайды. Бұған қоса, олардың бүйрегі ортақ болуы мүмкін және нәжіс шығаруда қиындықтар туындайды", — дейді ветеринар Лора Тилен.

Айта кетсек, мұның алдында голландиялық балықшылар Солтүстік теңізде екібасты дельфин аулаған еді.

Жаңалықтар
0