Әлем

Мессидің үшінші баласы дүниеге келді

© REUTERS / Marcos BrindicciЛионель Месси мен Антонелла Рокуццо
Лионель Месси мен Антонелла Рокуццо - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лионель Месси мен оның жары Антонелла үшінші рет ата-ана болды, олардың үлкен ұлы бес, ал екінші баласы екі жарым жаста

АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Әлемдегі үздік футболшылардың бірі, "Барселона" клубының шабуылшысы Лионель Мессидің үшінші ұлы дүниеге келді, деп хабарлайды Р-Спорт.

Каталондық клуб сенбі сайтында Мессидің Испания чемпионаты ойынына жеке басына қатысты себептер бойынша қатыспайтынын хабарлады. 

Mundo Deportivo ақпараты бойынша сенбіге қараған түні футболшының үшінші баласы дүниеге келді. Месси инстаграмдағы парақшасында сәбидің қолы түсірілген фото жариялап, "бәрі керемет өтті" деп жазды. 

"Сәлем, Чиро! Анасының да, сәбиінің де жағдайы жақсы. Біз өте бақыттымыз!", — деп жазды Месси. 

Месси мен Антонелланың екі үлкен баласы бар — Тиаго (2012 жылы 2 қарашада туған) мен Матео (2015 жылы 11 қыркүйекте өмірге келді).

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0