Әлем

Қырғызстан 302 мың тауық жұмыртқасын Қазақстанға қайтарып жіберді

© Sputnik / Медиабанкке өтуЖұмыртқа. Архивтегі фото
Жұмыртқа. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүк құжаттары ЕАЭО-ның ветеринарлық талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik.  Қырғызстан Қазақстаннан жеткізілген 302 400 тауық жұмыртқасын шекарадан өткізбей қойды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мамандары өнімді "Ақ-Тілек" бақылау-өткізу пунктінде ұстаған.  

қамыр, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қырғызстан Қазақстаннан ұн әкелуге тыйым салды
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыртқаны Қостанай облысында орналасқан фирма жөнелткен. 

"Тексеру кезінде жүктің жөнелтпе құжаттары Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринарлық талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды", — деп жазылған хабарламада.

Акт толтырылып, өнім Қазақстанға қайтарылды. 


Жаңалықтар
0