Әлем

Рохинджаны құтқару әскері Мьянмаға екінші шабуыл дайындап жатқанын мәлімдеді

© AP Photo / Bernat ArmangueРохинджа
Рохинджа - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Араканның Рохинджаны құтқару әскерінің өкілі Абдус Шукур өзінің Sputnik тілшілеріне берген айрықша сұхбаты кезінде әскердің алдағы уақыттағы жоспарлары туралы айтты. 

Абдус Шукур Араканның Рохинджаны құтқару әскерінің (ARSA) сарбазы және қазіргі уақытта Бангладеште бассауғалап жүр. Ол қайтадан еліне оралып, үкіметке қарсы күрес бастайтынын айтып берді.

Мьянма босқыны - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚМДБ: Мьянма мұсылмандарына жасалған қасіретті қатаң айыптаймыз

"Мен қазір қолайлы уақытты күтіп жүрмін. Мен елімнің азаттығы үшін өз өмірімді қиямын. Мен өз елімде тұруға үміттенемін. ARSA 50 шақты мүшесі Бангладеште жасырынып жүр. Жергілікті тұрғындар бізді қолдайды. Олар бізге тамақ, тұратын орын т.б. көмек көрсетеді. Біз 25 тамызда жасағандай, тағы бір шабуылды жоспарлап отырмыз", — деді Абдус Шукур өз сұхбатында. 
Оның айтуынша, Аракандағы Рохинджаны құтқару әскерінің құрамы негізінен рохинджа өкілдерінен тұрады.
"Біздің мақсатымыз – үкіметтен бізге тиесіліні алу. Біз өзіміздің аймағымызда бейбіт өмір сүруді қалаймыз, бірақ қауіпсіздік қызметтері бізге проблема жасайды, сондықтан біздің көздегеніміз де солар", — деп түсіндірді Абдус Шукур.
Сарбаз, Мьянма үкіметінің рохинджа деревняларының жартысынан көбіне тиіспегені туралы айтқан хабарламасын жалған деп мәлімдеді. 
" Мьянма үкіметі бүкіл дүние жүзіне жалған ақпарат таратып, біздерді террорист ретінде көрсетіп отыр. Біздің террористтермен байланысымыз жоқ. Біз Мьянма үкіметімен күрес жүргізіп отырмыз. Себебі олар біздің қауымдастықты қуғынға ұшыратты. Қандай жағдай болмасын, біз өз адамдарымызды қорғауға тиіспіз", — деп аяқтады өз сөзін Абдус Шукур.

Жаңалықтар
0