Әлем

Қадір түнінің құрметіне 1000 тұтқынға рақымшылық жасалды

© REUTERS / Mohammed SalemҚадір түнінің құрметіне 1000 тұтқынға рақымшылық жасалды
Қадір түнінің құрметіне 1000 тұтқынға рақымшылық жасалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы оларды тез арада босатып, жұмыс табуға көмектесуді тапсырды

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Түрікменстан президенті  Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов қасиетті Қадір түнінің құрметіне орай жазасын өтеп жатқан 1029 тұтқынға рақымшылық жасады. 

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы үкімет отырысында қол қойды, деп жазады түрікмендік бұқаралық ақпарат құралдары. 

Бердімұхамедов құқық қорғау ведомстволарының жетекшілеріне тұтқындарды тез арада босатуды тапсырды. Ал жергілікті билік босап келген адамдарға жұмыс табуға көмектеседі. 

Айта кетейік, Түрікменстан елінде мұндай рақымшылықтар ұлттық мейрамдардың құрметіне жылына бірнеше рет болып тұрады. Соңғы рет биылғы жылдың ақпанында Мемлекеттік ту күніне орай 828 адам түрмеден шыққан еді.


Жаңалықтар
0