Әлем

Трамп: миллиондаған адамдар Клинтонға заңсыз дауыс берген

© REUTERS / / Mario AnzuoniАҚШ президентін сайлау
АҚШ президентін сайлау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Трамп сайлаушылардың дауысы бойынша жеңгенімен, бюллетеньдер саны Клинтондыкінен 2 миллионға кем болған.

АСТАНА, 28 қар — Sputnik.  Республикалық партия атынан сайлауға түсіп жеңіске жеткен АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Хиллари Клинтонды заңсыз дауыс жинады деп айыптап отыр деп жазады РИА Новости.

Сайлау кезінде сайлаушылардың 306 даусына ие болған Трамп Хилари Клинтонды жеңген болатын.

Алайда бюллетеньдер саны бойынша Трамптың жинаған даусы Хиларидыкінен екі миллионға кем еді. Бірақ сайлау жүйесі бойынша жалпыхалықтық дауыс беруден гөрі сайлаушылардың дауыс саны маңызды болғандықтан, Трамп жеңіске жетті деп саналады.

"Сайлаушылар коллегиясының даусы бойынша ойсырата ұтқаныммен қатар, заңсыз дауыс берген адамдарды қоспағанда жалпыхалықтық дауыс беруде де жеңіске жеткен едім", — деп жазды Трамп Twitter парақшасында.

Жаңалықтар
0