Видео

Алматы облысының блок бекетін десанттық шабуылдау әскері қорғап тұр – видео

Жазылу
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері Алматы облысының блок бекеттеріндегі қызметтерін жалғастыруда
Қапшағай қаласының тұрғындары олардың жұмысына қолдау көрсетіп, түсіністікпен қарап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек көрсеткендері үшін ризашылығын білдіріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы облысының бірқатар ғимараттарына зақым келіп, адамдар зардап шекті. Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 337 адам медициналық көмекке жүгінді.
Көз жұмғандар да болды. 
Талдықорғанда 9 және 10 қаңтарда құқық қорғау органдарының екі қызметкері - жедел әрекет ету жасағының инспекторы, полиция лейтенанты Дархан Барғанов пен қылмыстық атқару жүйесі департаментінің инспекторы, әділет прапорщигі Ербол Ержанов жерленді.
 
 
 
Жаңалықтар
0