19:49 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Видео

Қорғаныс министрлігі бүлікшілер шабуыл жасаған әскери техниканы көрсетті – видео

Қысқа сілтеме алу
Терроризмге қарсы арнайы операция (138)
102 0 0

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде Қазақстанның десанттық-шабуылдау әскерінің бөлімшелеріне тиесілі "Арлан" броньды көліктеріне шабуыл жасалған

Лаңкестер әскери техниканы істен шығарып, әскери қызметшілерді өлтіруге тырысқан.

Қорғаныс министрлігі әскери техникалардың қазіргі күйі түсірілген видео жариялады. Видеодан бүлікшілердің әскери техниканың әйнегін көздеп оқ атқанын байқауға болады.

Сондай-ақ подполковник Данияр Қармановтың айтуынша, лаңкестер әскери техникаға, оның ішінде жүргізушілерді дәлдеп оқ атқан. Себебі бұл автокөліктер қорғалмаған нысандар мен жеке құрамды тасымалдаған брондалмаған техниканың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Айта кетері, Алматыда 4 қаңтарда басталған наразылық лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы шабуылшылардың қолында болған.

Ел билігі бүкіл республикада төтенше жағдай жариялап, терроризмге қарсы операция жүргізді.

Тақырып:
Терроризмге қарсы арнайы операция (138)
Загрузка...

Басты тақырып