Видео

Елордадағы төтенше жағдай режимі: полиция қалай жұмыс істеп жатыр – видео

Жазылу
Нұр-Сұлтанда коменданттық сағат кезінде пойыздар мен ұшақтардың жолаушылары вокзал мен әуежайға бара алады
Елорда полицейлері Нұр-Сұлтанда коменданттық сағат кезінде пойыздар мен ұшақтардың жолаушыларын шығарып салатын адамдарды тоқтатпайды, деп хабарлады комендатура. Жолаушылар мен шығарып салушылар билет пен жеке куәлігін өзімен бірге алып жүруі керек.
Қоғамдық көлікпен жүруді жоспарлағандар үшін қаладағы коменданттық сағат кезінде арнайы рейстер әуежайдан "Нұрлы жол" вокзалына дейін 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін қатынайды.
Нұр-Сұлтан комендантының айтуынша, қаладағы жағдай толық бақылауда. Полиция елді мекендерді аралап жүр. Осы кезеңде 4649 жалдамалы тұрғын үй мен 420 хостел тексерілді.
"Осы қиын кезеңде азаматтар тарапынан немқұрайдылыққа жол берілмеуі керек. Төтенше жағдай кезінде алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынғанын еске саламын. Тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда лицензиясынан айыруға дейін қатаң жазаланады", - деді Нұр-Сұлтан қаласының коменданты Ержан Сәденов.
Полиция бекеттеріне ерекше көңіл бөлініп отыр. Олар орнатылған күннен бастап 50 мыңға жуық автокөлік тыйым салынған заттарды анықтау үшін мұқият тексерілді. 
Жаңалықтар
0