Видео

Беларусь елінен келген бітімгерлер "Жетіген" айлағын қалай қорғады – видео

Жазылу
Беларусь елінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ ұжымдық бітімгерлік күштерінің құрамы "Жетіген" әскери әуеайлағын күзету бойынша тапсырмаларды орындап жатыр.
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштері Қазақстан Республикасында мемлекеттік, әскери және әлеуметтік маңызы бар нысандарды күзету жөніндегі міндеттерді орындады.
Достық және әскери ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, конституциялық тәртіпті қалпына келтіру бойынша бауырластық көмек ретінде Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы,  Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы ел аумағына өздерінің саны 2 030 адам мен 250 бірлік техниканы құрайтын әскери контигенттерін жіберді.
 Бітімгерлердің маңызды нысандарды күзетке алуы қарулы күштердің, құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарының едәуір бөлігін босатуға және оларды террористерге қарсы күреске жіберуге мүмкіндік берді. 
ҰҚШҰ Біріккен бітімгершілік контингентін елден кезең-кезеңімен шығару Қазақстан президенті белгілеген мерзімге сәйкес биыл 13 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын болады.
Ұжымдық шарт құрамындағы Беларусь әскерінің  "Жетіген" әскери әуеайлағын күзету барысын видеодан көріңіз. 
Жаңалықтар
0